Фараби қысқы ғылыми мектебі: "Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ұлттық заңнамада және халықаралық актілерде бекіту"Farabi University

Фараби қысқы ғылыми мектебі: "Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ұлттық заңнамада және халықаралық актілерде бекіту"

27 қаңтар, 2026

2026 жылы 27 қаңтарда кезекті оқу сабағы өткізілді. Іс-шараның модераторы – заң ғылымдарының докторы, профессор А.С. Ибраева.

Спикер – заң ғылымдарының докторы, профессор Баймаханова Д.М.
Дәрістің тақырыбы: «Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ұлттық заңнамада және халықаралық актілерде бекіту».

Дәріс барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері ұғымы қарастырылды. Дәрістің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтар мен бостандықтарға негіз болған негізгі идеяларды ашып көрсету болды.

Лектор еліміздің Негізгі заңында бекітілген адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарының жіктелуіне жан-жақты тоқталды.

Сонымен қатар Баймаханова Д.М. әлемдік конституциялық дамудың негізгі кезеңдері, әлемдегі алғашқы конституцияларда бекітілген құқықтар мен бостандықтар, Еуропа, Америка және Азия елдерінің қазіргі заманғы конституцияларында көрініс тапқан құқықтар мен бостандықтардың кезеңдері туралы баяндады. Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтар мен бостандықтардың ұрпақтары да жан-жақты қарастырылды.

Лектор адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекіту, кепілдендіру, қамтамасыз ету және қорғау тетіктерінің элементтерін ашуға ерекше назар аударды.

Қысқы ғылыми мектеп шетелдік жоғары оқу орындарының заң мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге арналған.

Ұйымдастырушы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.