Конституциялық реформалар мәселесі талқыландыFarabi University
Референдум 15 марта

Конституциялық реформалар мәселесі талқыланды

27 қаңтар, 2026

Философия және саясаттану факультетінде Конституциялық реформалар мәселесіне арналған талқылау ұйымдастырылды. Іс-шараға факультет деканы Бекжан Берікбайұлы, кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Кездесу барысында Конституцияның қоғам дамуы үшін маңызы, оны жетілдіру үдерісінің мазмұны мен бағыттары сөз болды. Қатысушылар реформалардың формалды өзгерістермен шектелмей, Конституция нормаларының нақты өмірде қалай іске асатынына назар аудару қажеттігін атап өтті.
Талқылау кезінде заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік билік институттарының тиімділігі мен жауапкершілігі мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, реформалардың мазмұндық сипатына ерекше назар аударылды. Конституциялық нормалардың тек мәтіндік деңгейде емес, нақты қоғамдық тәжірибеде қалай жүзеге асатынын талдау қажеттігі айтылды. Бұл тұрғыда азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігі, мемлекеттік институттардың жауапкершілігі және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері негізгі талқылау нысанына айналды.
Аталған талқылау студенттер арасында кеңінен түсіндіріліп, олардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталатыны атап өтілді. Жастардың әлеуметтік желілерде өз пікірлерін білдіруі, қоғамдық талқылауға қатысуы Конституциялық реформалардың мәнін терең түсінуге ықпал ететіні айтылды.