Электоралдык принциптер - сайлаушы сенімінің негізіFarabi University

Электоралдык принциптер - сайлаушы сенімінің негізі

27 қаңтар, 2026

Бүгін 27.01.2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінде кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры, ҚазҰУ қалашығы 259 сайлау учаскесінің төрағасы Айгаринова Гулнар Тулеухадировнаның ұйымдастыруымен Халықаралық сайлау күніне орай Бостандық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 
Төрағасы – Калиаскарова Шолпан Рысбековнамен заң факультеті студенттерінің «Электоралдык принциптер -
сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбында кездесуі өткізілді. 


Кездесу барысында, студенттерге сайлау процесінің өту тәртібі, сайлаудың заң үстемдігі, тәуелсіздік, ашықтық, инклюзивтік, сайлау комиисиялары кәсібилігі мен алқалығы атты қағидаларға негізделіп жүргізілетіні жөнінде айтылды.  

Студенттер арасында, осы күнге дейін дауыс беруге қатыспаған, сайлау құқығы енді туындаған студенттер де бар екен. Олар келесі өткізілетін сайлау пен референдумға дауыс беруге міндетті түрде баратындықтарын айтты.

Кездесу, жоғарғы деңгейде, сұрақ, жауап және пікірталас нысанында өтті. Студенттер сайлау өткізуге байланысты көптеген сұрақтарға жауап алды, өздерінің жасырын дауыс беру құқығын жүзеге асыру тетіктеріне қатысты сөз қозғады.