Мемлекет тарихы институты мен ҚазҰУ арасындағы ғылыми ынтымақтастық нығаюдаFarabi University

Мемлекет тарихы институты мен ҚазҰУ арасындағы ғылыми ынтымақтастық нығаюда

27 қаңтар, 2026

Мемлекет тарихы институтының ғалымдары жыл сайын жарық көретін ғылыми монографиялар мен конференциялар жинақтарын жоғары оқу орындарының назарына ұсынып келеді.

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Мемлекет тарихы институтының саяси бөлімінің жетекшісі, социология ғылымдарының докторы В.Ә. Жексембекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, Институтта жарық көрген ғылыми еңбектермен таныстырды.

 Кездесу барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Б. Мейірбаев өзара ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында саясаттану ғылымдарының докторы, профессор В.Ә. Жексембекова университеттің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының саясаттанушылар кітапханасына «Қазақстандық қоғамды демократияландырудың қазақстандық моделі» атты еңбегін табыстады. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында: «Басты міндет — халқымыздың баға жетпес ұлттық мұрасын сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу. Осы тұрғыда Құрылтай мүшелерінің философия, социология, саясаттану сияқты ғылымдарды дамыту, сондай-ақ қоғамдық-саяси ойдың көптомдық басылымын даярлау жөніндегі ұсыныстарын атап өтуге болады. Сонымен қатар ғылыми мекемелердің зерттеулері онлайн платформа арқылы баршаға бірдей қолжетімді болуы тиіс», — деп атап өтті.