Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Туристік жасанды интеллект зертханасын құру мәселесі талқыланды  Farabi University
Референдум 15 марта

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Туристік жасанды интеллект зертханасын құру мәселесі талқыланды  

29 қаңтар, 2026

28 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде туризм және туристік дестинацияларды жобалау саласында кәсіби қызмет атқаратын «Zolo Group» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты — рекреациялық география және туризм кафедрасы базасында Туристік жасанды интеллект зертханасын (AI Tourism Lab) құру бойынша бірлескен қызметтің перспективаларын талқылау болды. Аталған жоба туристік дестинацияларды талдау, жоспарлау және дамуын басқару үдерістеріне цифрлық және зияткерлік шешімдерді енгізуге, сондай-ақ туристік индустрияға арналған қолданбалы ғылыми және білім беру өнімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Кездесу Технологияларды және креативті индустрияны коммерцияландыру орталығының ұйымдастыруымен өтті, бұл бастаманың қолданбалы бағытын және ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына трансферттеу стратегиясына сәйкестігін айқындайды. Талқылау барысында туристік аумақтардың цифрлық модельдерін әзірлеу, туристік ағындарды болжау, тәуекелдерді талдау және дестинациялардың тұрақтылығын арттыру үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану секілді ынтымақтастық форматтары қарастырылды.

Туристік жасанды интеллект зертханасын құрудың өзектілігі жаһандық туристік индустрияның дамуындағы заманауи үрдістермен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда цифрландыру, үлкен деректер және жасанды интеллект туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторларға айналуда. Туристік нарықтың трансформациясы жағдайында мұндай шешімдер басқару тиімділігін, туристік өнімдердің сапасын және саланың сыртқы сын-қатерлерге төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тікелей үйлеседі, атап айтқанда: ТДМ 8 — «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» (тұрақты туризмді дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру); ТДМ 9 — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» (инновациялық цифрлық технологияларды енгізу); ТДМ 11 — «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» (туристік дестинацияларды ақылды жоспарлау); ТДМ 17 — «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» (университет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимыл).

Осылайша, өткен кездесу университет пен туристік бизнес өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанда туризмнің тұрақты дамуына және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған инновациялық экожүйені қалыптастыруға маңызды қадам болды.