Физика-техникалық факультетінде ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректордың қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті. ТДМ 9Farabi University
Референдум 15 марта

Физика-техникалық факультетінде ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректордың қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті. ТДМ 9

28 қаңтар, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректордың қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті.

Жиналыс барысында факультеттің ғылыми әлеуетін дамыту, ғылыми жобалар мен жарияланымдық белсенділіктің ағымдағы жағдайы, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау мәселелері қарастырылды. Халықаралық ғылыми дерекқорларда жарияланымдардың сапасын арттыру, ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттары және оқытушылар мен зерттеушілердің гранттық бағдарламаларға қатысуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиналыс жұмысына декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен олардың орынбасарлары, профессор-оқытушылар құрамы, доценттер мен профессор-зерттеушілер қатысты. Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсіндірмелер алып, факультеттің ғылыми-инновациялық қызметін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді.

Аталған жиналыстың өткізілуі ғылыми инфрақұрылымды нығайтуға, зерттеу ортасын дамытуға және ғылыми қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда ТДМ 9 – «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» мақсатына сәйкес келеді.