«Ел болашағы – жастар қолында» атты тәрбиелік мәні бар кешFarabi University
Референдум 15 марта

«Ел болашағы – жастар қолында» атты тәрбиелік мәні бар кеш

31 қаңтар, 2026

2026 жылдың 30 қаңтар күні Метеорология және гидрология кафедрасының 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен азаматтық-патриоттық тәрбие, ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік бағытында «Ел болашағы – жастар қолында» атты тәрбиелік мәні зор кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – студент жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық рухты қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту.

Кештің қонағы – Алатау дәстүрлі театрының талантты әртісі, дәстүрлі әнші Елбол Қуанбек болды. Кештің басында қонақ қара домбыраның сүйемелдеуімен халық әндері мен термелер орындап, көрермендерге рухани әсер сыйлады.

Іс-шара барысында Елбол мырзамен студенттер арасында еркін форматта сұхбат өрбіп, Отанды сүю, елге деген махаббат, ұлттық құндылықтарды сақтау, патриоттық тәрбие туралы мазмұнды ойлар айтылды. Қонақ өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарды елжандылыққа, білімді әрі саналы азамат болуға үндеді.

Кеш соңында Елбол Қуанбек өзінің репертуарындағы «Көк бөрі», «Отан» әндерін орындап, патриоттық рухты асқақтатты. Әсерлі әндер кештің маңызын арттырып, қатысушылардың көңілінен шықты.

Аталған тәрбиелік кеш студент жастардың рухани дамуына, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға және отансүйгіштік сезімін нығайтуға зор үлес қосты.