- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасында Жапония университеттерінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оралған студенттерге дипломдар табысталды
Қиыр Шығыс кафедрасында Жапония университеттерінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оралған студенттерге дипломдар табысталды
28 қаңтар күні Жапонияның Токио, Васэда, Осака, София және Токио шет тілдер университеттерінде бір жылдық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алған 4 курс бакалавр студенттері мен 2 курс магистранттарына диплом табыстау рәсімі өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті серіктестік орнатқан Жапонияның жетекші императорлық, жекеменшік және мемлекеттік университеттерінде білім алған студенттер мен магистранттар бір жыл бойы кәсіби білімдерін тереңдетіп, тілдік машықтарын жетілдіріп, өздерінің ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп елге оралды.
Салтанатты шараға Шығыстану факультетінің деканы Эгамбердиев Мырзахан Шарипбаевич, Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Абаған Ақерке Болатбекқызы, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы және түлектердің ата-аналары қатысты.
Қиыр Шығыс кафедрасы бітіруші түлектерге алдағы кәсіби және ғылыми жолында толағай табыс тілеп, олардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына сенім білдіреді.

Басқа жаңалықтар