Ата заңның жаңа жобасы Жаңа Қазақстан болашағыFarabi University

Ата заңның жаңа жобасы Жаңа Қазақстан болашағы

1 ақпан, 2026

Еліміз егемендік алып, дербес ел болғалы уақыт талабына сай еліміздің саяси әлеуметтік, экономикалық салаларында айтарлықтай ауқымды өзгерістер болды. Осындай ел өміріндегі елеулі өзгерістердің Ата заңымызға да уақыт талабына сай өзгерістер енгізудің қажеттілігі табиғи құбылыс.

Бүгін елімізде 11 бөлім, 95 баптан тұратын Ата заңның жаңа жобасы, Жаңа Конституцияның жобасын талқылау ел назарына ұсынылды. Жаңа Конституцияның жобасын жасап, дайындауда азаматтардың, сарапшылардың, саяси ұйымдардың пікірлері, ұсыныстары мен ескертулері, ұсынымдары ескерілген. Конституцияның жаңа жобасы толығымен жаңартылған. Онда еліміздің егемендігі мен дербестігін нығайтатын ережелер қарастырылған. Сондай ақ жобада унитарлық мемлекет ретінде басқару нысаны президенттік ел деп тұжырымдалған. Жобада еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын қатардағы заңмен емес, Конституциялық заңмен айқындау ұсынылған. Егемендік пен Тәуелсіздік, унитарлық, аймақтық тұтастық Республиканың басқару нысаны ешқашан өзгермейтін құндылықтар қатарына жатқызылады. Бұл мызғымас талап Конституцияның алғашқы нормаларында бекітілген. Сондай ақ Егемендіктің иесі халық екені жаңа жобада Конституциялық деңгейде бекітілген. Жаңа Конституцияның жобасында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы және егемендіктің иесі Қазақстан халқы деп жазылды. Сонымен қатар сөз еркіндігі, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігі, зияткерлік меншік ұғымына қатысты да ережелер жаңа жобада толығымен нақтыланып, атап көрсетілген. Жаңа Конституция жобасындағы ережелер «күшті президент-ықпалды парламент- есеп беретін үкімет» тұжырымдамасының логикасына сәйкес келеді және еліміздің одан әрі бағдарлы түрде түбегейлі дамуы үшін мызғымас негізді қалыптастырады. Конституциялық реформалаудың ауқымы мен тереңдігі, мән мазмұны жағынан заң тұрғысындағы құқықтық түзетулерден тұратын құжат емес, Қазақстанның жаңа Конституциясы ретінде қарастырылады. Жаңа Конституция негізінде Ата заңға түзетулер енгізу референдум, яғни тек халықтың қатысуымен ғана іске асатын болады. Жаңа Конституция жобасында еліміздегі басты құндылықтарының бірі халыққа қатысты мәселелерге көп мән берілген және оның құқығын қорғайтын ережелер егжей тегжей сараланып, толық нақтыланып көрсетіледі. Жаңа Конституция жобасының тағы бір халықтың көкейінен шығатын ерекшелігі жаңа жобада елдің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын құндылықтарға аса мән беріледі. Сондықтан да еліміздің саналы халқы жаңа жобаны талқылауға белсене ат салысып, қолдау білдіруде.

Баймуратова Ираш Амановна - Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының ассистент профессоры.