Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде әскери прокурорларға арналған біліктілікті арттыру курсы басталдыFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде әскери прокурорларға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

3 ақпан, 2026

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында Қазақстан Республикасының әскери прокуратура органдары қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.

Аталған оқу курсы университет пен Қазақстан Республикасының әскери прокуратура органдары арасындағы көпжылдық өзара ынтымақтастық аясында, бұрын жасалған Меморандумның ережелерін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Курс профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен, қолданбалы бағытқа басымдық бере отырып әзірленген.

Біліктілікті арттыру курсы 2026 жылғы 2 ақпан мен 27 ақпан аралығында өткізіледі. Оқу бағдарламасының жалпы көлемі 72 академиялық сағатты құрайды, апталық оқу жүктемесі шамамен 18 сағатты құрайды (дүйсенбі–жұма күндері, күніне 2–4 сағат).

Курс аясында келесі негізгі тақырыптық блоктар қамтылады: қылмыстық саясат; әскери прокуратура органдарының қылмыстық істер бойынша қылмыстық іс жүргізу қызметі мен прокурорлық қадағалау; әскери қызмет саласында жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау; сондай-ақ әскери қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу әдістемесі.

Оқу курсының бағдарламасы, оқу жоспары және сабақтарды өткізу форматы тыңдаушылардың практикалық қажеттіліктері мен әскери прокуратура органдары қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастырылған. Курс кәсіби құзыреттерді тереңдетуге және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған.