- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық деңгейде Әзербайжан Республикасының Баку қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты Өтебалиева К.Е. «Жасанды интеллект – қылмыстық сот төрелігінің тиімділігін арттыру құралы ретінде» тақырыбында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары, атап айтқанда 16-ТДМ «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» аясында баяндама жасады.
Халықаралық деңгейде Әзербайжан Республикасының Баку қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты Өтебалиева К.Е. «Жасанды интеллект – қылмыстық сот төрелігінің тиімділігін арттыру құралы ретінде» тақырыбында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары, атап айтқанда 16-ТДМ «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» аясында баяндама жасады.
2026 жылғы 26–27 қаңтар күндері Әзербайжан Республикасының Баку қаласында «STEAM: білім беру саласындағы жасанды интеллект және құндылықтар синергиясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум өтті.
Симпозиум аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының 1-курс PhD докторанты Өтебалиева Карлығаш Ержановна «Жасанды интеллект – қылмыстық сот төрелігінің тиімділігін арттыру құралы ретінде» тақырыбында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары, атап айтқанда 16-ТДМ «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» аясында ғылыми баяндама жасады.
Баяндамада қылмыстық сот ісін жүргізу саласында жасанды интеллект технологияларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылды. Автор жасанды интеллектті енгізудің сот төрелігінің тиімділігін арттырудағы әлеуетін, атап айтқанда процестік шешім қабылдауды оңтайландыру, сот өндірісінің транспаренттілігін қамтамасыз ету, құқық қолдану тәжірибесіндегі адам факторын төмендету және әділ сот төрелігін қамтамасыз етудегі цифрлық құралдардың рөлін ғылыми тұрғыда негіздеді.
Сонымен қатар, баяндамада жасанды интеллектті қолдану барысында туындайтын құқықтық, этикалық және қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ оның қылмыстық процесс қағидаттарымен үйлесімділігін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы қорытындылар жасалды.