Абайдың "Толық адам" іліміFarabi University

Абайдың "Толық адам" ілімі

3 ақпан, 2026

03.02.2026 жылы Ақпараттық жүйелер кафедрасы, Ақпараттық жүйелер мамандығының 3 курс студенттерімен бірге "Абайдың "Толық адам" ілімі" туралы кураторлық сағат өтілді. Абайдың «толық адам» ілімі — адам болмысының рухани кемелденуін көздейтін терең философиялық ілім. Абай толық адамды ақыл, жүрек және қайраттың бірлігін сақтаған, ғылым мен білімге ұмтылатын, әділет пен рақымды өмірлік ұстаным еткен тұлға ретінде сипаттайды. Бұл концепция адамды өзін-өзі тәрбиелеуге, ар-ожданын таза ұстауға және қоғамға пайдалы болуға шақырады. Абай ілімі бүгінгі күні де жеке тұлғаның рухани дамуы үшін өзекті.

Кураторлық сағатты өткізуші: АЖ 23-3 тобының кураторы Ибраимкулов А.Е.