Шанхай университеті делегациясы ҚазҰУ музейіне келді
3 ақпан, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінде Шанхай университетінің делегациясымен кездесу өтті. Іс-шара университеттің ғылыми-білім беру кеңістігімен және тарихи дамуының негізгі кезеңдерімен танысуға арналды.Кездесу барысында халықаралық серіктестікті дамыту, мәдени байланыстарды нығайту және бірлескен бастамалардың болашағы туралы пікір алмасты.
Бұл кездесу Қазақстан мен Қытайдың жетекші университеттері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

