«Заң үстемдігі – білім мен тәрбиенің тірегі» атты кездесу
2026 жылғы 4 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №7 Студенттер үйінде «Заң үстемдігі – білім мен тәрбиенің тірегі» тақырыбында тәрбиелік мәні зор кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, студенттік этика мен жеке жауапкершілікті қалыптастыру.
Кездесуге Биология және биотехнология факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, доцент міндетін атқарушы Құсманғазинов Әділ Болатұлы және Бостандық аудандық полиция басқармасының учаскілік полиция инспекторы, аға лейтенант Шерім Дамир Оразұлы арнайы қатысып, студенттерге заң талаптары, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында спикерлер студент жастарды заңды құрметтеуге, азаматтық ұстанымын нығайтуға және білім мен тәрбиенің өзара тығыз байланысына мән беруге шақырды. Кездесу соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.

