«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы «Экологиялық мәдениет – болашақ кепілі» атты іс-шараFarabi University
Референдум 15 марта

«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы «Экологиялық мәдениет – болашақ кепілі» атты іс-шара

4 ақпан, 2026

“Таза Қазақстан” жобасы аясында «Экологиялық мәдениет – болашақ кепілі» тақырыбы бойынша табиғатты аялау мақсатында студенттер бейнеролик, сұрақ-жауап жасау арқылы өз ойларымен бөлісті. 
Әлем бойынша өзекті мәселелердің бірі – экологиялық дағдарыс. Осы дағдарыстан шығу жолы ретінде халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру басты міндеттердің қатарынан орын алып отыр. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуын білім жүйесінен бастауымыз керек. «Тәрбие тал шыбықтан басталады» дегендей экологиялық мәдениет ұғымын балабақша бағдарламаларынан бастап таныстырылып, балалардың бойына сіңіру қажет. Осы тарапта университет қабырғасында да студенттерге экология мәдениеті атты пән оқытылады, әсіресе мәдениеттану мамандығының студенттері арасында. Экологиялық мәдениет деген кезде тек ойымызға табиғатқа деген жауапкершілік қана келеді, осымен шектелеміз. Алайда оның ауқымы кең ұғым. Мысалы, адамның күнделікті өмір салтынан, тұтыну мәдениетінен, қоғамдағы құндылықтар жүйесінен көрініс табады. Егер табиғатымызды болашақ ұрпаққа аманат ретінде табыстағымыз келсе, экологиялық мәдениетімізді қазірден қолға алуымыз керек.

04.02.2026ж.
Философия және саясаттану факультеті