ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде профессор Қ. Б. Жұмановтың 90 жылдығына орай оқу аудиториясы мен студенттерге арналған коворкинг аймағының салтанатты ашылуы өтті. ТДМ 4 және ТДМ 9Farabi University

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде профессор Қ. Б. Жұмановтың 90 жылдығына орай оқу аудиториясы мен студенттерге арналған коворкинг аймағының салтанатты ашылуы өтті. ТДМ 4 және ТДМ 9

5 ақпан, 2026

2026 жылғы 5 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Кеңес Болатқұлұлы Жұмановтың мерейлі 90 жылдығына орай дәріс аудиторияларының, оқу зертханасының және студенттерге арналған коворкинг аймағының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шара факультеттің білім беру және ғылыми инфрақұрылымын дамыту аясында өткізіліп, студенттер мен жас ғалымдардың оқуына, ғылыми-зерттеу және жобалық қызметіне қолайлы, заманауи, ашық әрі қолжетімді академиялық орта қалыптастыруға бағытталды. Аталған жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда ТДМ 4 «Сапалы білім» (заманауи білім беру инфрақұрылымын дамыту және сапалы білім беру ресурстарына қолжетімділікті кеңейту) және ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» (университеттің ғылыми-технологиялық және инновациялық инфрақұрылымын дамыту) мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.

Салтанатты рәсімге университет басшылығының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты. Іс-шара барысында ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Ибраимов М.К. құттықтау сөз сөйлеп, профессор Қ. Б. Жұмановтың физика-техникалық білім беру мен университеттің ғылыми мектептерін дамытуға қосқан үлесінің маңызын, сондай-ақ факультеттің оқу-зертханалық базасын жүйелі түрде жаңартудың өзектілігін атап өтті.

Іс-шара аясында жаңартылған оқу кеңістіктерінің, соның ішінде дәріс аудиториялары мен студенттерге арналған коворкинг аймағының символикалық ашылу рәсімі өткізілді. Физика-техникалық факультетінің деканы Н. А. Бейсен қонақтарды жаңа нысандардың функционалдық мүмкіндіктерімен таныстырып, олардың жобалық оқытуды, пәнаралық зерттеулерді және студенттік бастамаларды дамытудағы рөлін атап өтті.

Сонымен қатар академиялық қауымдастық өкілдері, шақырылған қонақтар мен факультет түлектері құттықтау сөз сөйлеп, физика-техникалық факультеттің ғылыми дәстүрлерінің сабақтастығына және көрнекті ғалымдардың ҚазҰУ-дың заманауи ғылыми-білім беру ортасын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударды.

Аталған іс-шараны өткізу және жаңа оқу әрі коворкинг кеңістіктерін пайдалануға беру ҚазҰУ-дың білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, практикалық бағыттағы оқытуды кеңейту және физика, инженерия және жоғары технологиялар саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бойынша жүйелі жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.