- Басты бет
- Колледж
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің ұйымдастыруымен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу өтті.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің ұйымдастыруымен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу өтті.
Кештің басты мақсаты-тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгенін, Желтоқсан оқиғасы қалай болғанын жас буынға түсіндіру. Алдымен желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, құрмет көрсетілді. Осыдан 39 жыл бұрын қазақ халқының қабырғасын қайыстырып, дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасының куәгерлері Әбдіғұлов Мырзақұл, Кулетаев Оралбек,Есбаев Талғат, Байғалиев Рахман кештің қонақтары болды. Кездесу барысында оқиға куәгерлері қысқаша баяндап, толқынысты сәттерден сыр шертіп, желтоқсан оқиғасына қалай қатысқандықтары жөнінде естеліктерімен бөлісті. Аязды күні шеруге шыққан ауыр күндерін еске алып, тарихи және тәрбиелік маңызы зор шарадан кеш қонақтары үлкен әсер алды.
Колледж директоры М.Н.Аппакова тәуелсіздікті алу оңай болмағанын, ал тәуелсіздікті тұғырлы етуде жас ұрпаққа жүктеліп отырған міндеттің ауқымдылығын атап өтіп, жиналғандарды тәуелсіздік мейрамымен қатар тарихымызда ерекше орын бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына айналған оқиғаның куәгерлеріне естелік сыйлығын табыс етті. Тағылымы мол шараны колледж өнерпаздары рухты әндерімен әрлеп, колледж білімалушылары желтоқсан оқиғасына байланысты өлең-шумақтарын арнады.