ҚазҰУ музейіндегі танымдық кездесуFarabi University
Референдум 15 марта

ҚазҰУ музейіндегі танымдық кездесу

6 ақпан, 2026

«ҚазҰУ Тарланы» құқықтық тәртіп сақтау жасағының ұйымдастыруымен өтіп жатқан рухани-патриоттық сайыс аясында қатысушылар ҚазҰУ музейіне арнайы барып, университеттің бай тарихымен және рухани мұрасымен танысты.

Экспозицияларды тамашалау барысында жастар ҚазҰУ-дің қалыптасу кезеңдері, көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің еңбектері туралы мағлұмат алды. Бұл кездесу қатысушылардың тарихи санасын тереңдетіп, отансүйгіштік құндылықтарды нығайта түсті.