Тіл — ұлттың ұйытқысы, мәдениеті мен тарихының айнасы!Farabi University

Тіл — ұлттың ұйытқысы, мәдениеті мен тарихының айнасы!

5 ақпан, 2026

04.02.2026 ж. Сағат 17.00 Экономика және бизнес жоғары мектебі 229-ТДМ аудиториясында ТДМ 4,16,17 көрсеткіштеріне сай, азаматтық-патриоттық тәрбие бағытында «ҚР тіл туралы заңнамасы және мемлекеттік тілді қолдану мәселелері» тақырыбында, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Қалымбет Бақыт Әбиірұлының қатысуымен  іс-шара өтті. 
Іс-шарада ЭжБЖМ деканы Ж.Ж.Ермекова, экономика кафедрасының меңгерушісі профессор Ғ.Р.Даулиева, ЭжБЖМ ӘТЖЖ декан орынбасары И.У.Кулиев және Студенттер болды. Іс- шара мақсаты- Студенттерге Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіру, мемлекеттік тіл-қазақ тілінің құқықтық мәртебесін, қоғамдық өмірдегі рөлін айқындау сонымен қатар, өзге тілгеде құрметпен қарауды түсіндіру болды.
Іс-шара қонағы  Бақыт Әбиірұлы – «ҚР Тіл туралы» заңындағы негізгі қағидаларды сондай-ақ мемлекеттік тілді қолданудың өзекті мәселелерін жан-жақты тәжірибелік жағдайаттармен түсіндірді. Қорытындылай келгенде , Мемлекеттік тіл- қазақ тілін мемлекеттік, кәсіби және қоғамдық ортада қолдану мәдениетін елдің бүгіні мен болашағының тұрақтылығына,  бірлігіне қолдану өзекті екенін түсіндік. Бақыт Әбиірұлына ЭжБЖМ ұжымы мен студенттер атынан алғысымызды білдіреміз!