Орнықты қалалар мен елді мекендер
04.02.2026 сағат 12.00-де 228 аудиторияда орыс филологиясы және әлемдік әдебиет кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының докторы Ж.Х. Салханованың басшылығымен «Орнықты қалалар мен елді мекендер» атты 11-ТДМ талқылау өткізілді. Іс-шара халықаралық деңгейде Қытай Халық Республикасының өкілі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты ХОУ НА қатысуымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел форматын «Халықаралық журналистика» мамандығының студенттері дайындады, олар Қазақстанның және басқа да елдердің қалалары мен елді мекендері туралы айтып берді. Баяндамалар мен тұсаукесерлерде топонимикалық материалдар ұсынылды, студенттер Жанат Айжан, Марат Нұрай, Жансерік Саяжан, Жұбандық Елхан, Жақсылық Зейнегүл Қазақстанның түрлі өңірлері туралы көрнекі ақпараттарды таныстырды. Жолдасбек Арайлым талқыланатын тақырыпқа арналған журнал әзірлеп, болашақ журналистің кәсіби дағдыларын көрсетті. Студенттер Мадинова Жанерке, Мәкен Әлгида, Мұсабекова Илимжаухар ономастика, топонимика, этноним, ойконим, ороним, урбаноим терминдерінің мағынасын қарастырды. ХОУ НА Қытай туралы сұрақтарға жауап берді. Қорытындылай келе, студенттер табысты тұрақты қалалар мен елді мекендер қазіргі Қазақстанның шынайылығы болуы тиіс екенін айтты.
Ұйымдастырушы: Ж.Х. Салханова
Басқа жаңалықтар