Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестікFarabi University

Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік

3 ақпан, 2026

2025 жылғы 3 ақпанда сағат 16:00–16:50 аралығында филология факультетінің  №17 жатақханасында ТДМ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсаты (ТДМ 17) аясында «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» тақырыбында іс-шара өтті. ТДМ 17 мемлекеттер, білім беру ұйымдары, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы тұрақты дамуға қол жеткізуді көздейді.

Аталған іс-шараны шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Дайрабекова Гүлсима Құрбанбекқызы 6В02304 – «Аударма ісі (батыс тілдері) білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері үшін өткізді. Кездесу барысында тұрақты даму мақсаттарының маңызы, халықаралық серіктестіктің рөлі және тіл мен мәдениетаралық коммуникацияның жаһандық ынтымақтастықтағы орны талқыланды.

Іс-шара студенттердің тұрақты даму идеялары туралы түсінігін кеңейтіп, болашақ маман ретінде жаһандық серіктестікке белсенді қатысудың маңызын ұғынуына ықпал етті.