Ұлттық құндылықтар апталығы (дәстүр, салт-сананы насихаттау, ұлттық киім күні)Farabi University

Ұлттық құндылықтар апталығы (дәстүр, салт-сананы насихаттау, ұлттық киім күні)

6 ақпан, 2026

06.02.2026 күні филология факультетінің иедологиялық жоспарына сәйкес Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы, куратор эдвайзер Ақжигитова Арайлымның ұйымдастыруымен және 6B01101 - «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттерінің қатысуымен тәрбиелік ұлттық құндылықтар апталығы өтті. Іс-шараның мақсаты - студенттер арасында ұлттық дәстүрлер мен салт-сананы насихаттау, ұлттық киім мәдениетін таныстыру және мәдени құндылықтарға құрметін арттыру.

   Іс-шара барысында студенттер ұлттық киімдер киіп, «Ұлттық мақалдарды жалғастыр» атты ойынға қатысты. Бұл ойын арқылы студенттер мақал-мәтелдерді еске түсіріп, дәстүрлі білімдерін көрсетті. Сонымен қатар студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, белсенділік танытты. Іс-шара көңілді әрі қызықты атмосферада өтті, студенттердің мәдени санасын арттыруға және патриоттық сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Мұндай тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар жастардың мәдени құндылықтарға құрметін арттыруға және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

   Іс-шара соңында ұлттық дәстүрлер мен салт-сананы сақтау – әрбір азамат үшін маңызды екенін атап өту жасалды.

      Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Ақжигитова Арайлым, 6B01703 мамандығының 1 курс студенттері.