Университетте жаңа Конституция жобасы бойынша академиялық тыңдаулар өтті
Университетте Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кезекті академиялық тыңдаулар өтті. Іс шараға Мәжіліс депутаттары, судьялар, мемлекеттік органдардың өкілдері, академиялық қауымдастық мүшелері, заңгер ғалымдар, адвокаттар және конституциялық құқық саласының сарапшылары қатысты.

Тыңдауларды заң факультетінің деканы Уалихан Ахатов ашты. Талқылау барысында мемлекеттік биліктің конституциялық негіздерін нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейту, сондай ақ қазіргі әлеуметтік саяси жағдайдағы құқықтық институттардың рөлін күшейту мәселелері қарастырылды.
.jpeg)
Баяндамалар мен пікірлерді Мәжіліс депутаттары Унзила Шапак, Ерлан Саиров және Ермурат Бапи айтты. Сонымен қатар заң ғылымдарының докторы профессор Алуа Ибраева, заң ғылымдарының кандидаты профессор Лейла Культемирова, заң ғылымдарының кандидаты доцент Архат Абикенов, PhD докторы Даулет Рыскалиев және Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы Талгат Давлетниязов сөз сөйледі.

Тыңдаулар қорытындысы бойынша сараптамалық ұсыныстар мен талдамалық материалдар жинақталды. Бұл материалдар алдағы ғылыми-талдау, сараптамалық кеңес беру және ағартушылық жұмыста, сондай ақ конституциялық құқық пен мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулерде қолданылатын болады.