Заң мен тәртіп – өркениетті қоғамның тірегі: Студенттермен ашық сабақ өтті
Заң - мемлекет бекіткен міндетті ережелер жиынтығы. Бұл адамдар арасындағы қатынастарды реттеп, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Заң мен тәртіп сақталған жерде әділдік орнап, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылық сақталады.
Осы орайда тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде “Сапалы білім беру” бағыты бойынша ақпан айының 5-ші жұлдызында философия кафедрасының аға оқытушысы, куратор-эдвайзер Г.М. Сембаева 1-курс студенттеріне “Заң және біз: студенттің құқықтық сауаттылығы” тақырыбында құқықтық тәрбие бойынша ашық кураторлық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттерге қоғамда орындалатын жеке міндеттері, азамат ретіндегі құқықтары мен бостандықтары түсіндірілді.
Заң мен тәртіп - кез-келген өркениетті қоғамның басты тірегі болып табылады. Егер қоғамда заң дұрыс сақталмаса, бейберекеттік пен сенімсіздік пайда болады. Ал ондай қоғамда өмір сүру қауіпті. Сондықтан мемлекетіміздің әрбір азаматы заңды құрметтеп, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы керек.
Заң мен тәртіпке қатысты студенттер әр мемлекеттің тәжірибелерінен мысалдар келтіре отырып тақырыпты толықтыра түсті. Өздерінің заң мен тәртіпке қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Заңды біліп қана қоймай оны орындау - азаматтық мәдениеттің айқын бейнесі.Заңды құрметтеп, оған бағынған адам - өз құқығын да, өзгенің құқығын да сыйлай білетіні анық.
Басқа жаңалықтар