- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРА (Тұрақты даму мақсаттары аясында, Табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікке баулу, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында )
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРА (Тұрақты даму мақсаттары аясында, Табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікке баулу, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында )
2026 жылғы 06 ақпанда Картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен «Digital Cleanup Day» атты экологиялық тәрбие бағытындағы іс-шара өтті. Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының ТДМ 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс мақсаты аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттыру, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және цифрлық кеңістіктегі ресурстарды тиімді пайдалануға үйрету. Цифрлық экология ұғымы арқылы студенттерге саналы тұтыну, артық ақпарат пен деректерді азайту және цифрлық тазалық қағидаттары түсіндірілді.

Іс-шара барысында студенттер: 1. электрондық пошта жәшіктеріндегі спам хаттарды, жарнамалық жазылуларды және қажетсіз хабарламаларды жойды; 2. бұлттық сервистердегі (Google Drive және т.б.) артық, қайталанатын және ескірген файлдарды тазалады; 3. мобильді құрылғыларындағы қажетсіз қосымшалар мен спам хабарламаларды өшірді.

Нәтижесінде студенттер экологиялық тәрбие мен жауапты тұтынудың цифрлық ортада да маңызды екенін түсініп, ТДМ 12 талаптарына сәйкес саналы цифрлық мінез-құлық дағдыларын қалыптастырды.
Ұйымдастырушылар: Картография және геоинформатика кафедрасының оқытушылары Қырғызбай Қ.Т., Бахыт М.Б., Жамбыл А.Б.

Басқа жаңалықтар