- Басты бет
- Жаңалықтар
- Заң мен тәртіп аясында «Тәртіп - табыс кепілі» Университеттегі ішкі ережелер мен жатақхана тәртібін талқылау өтті
Заң мен тәртіп аясында «Тәртіп - табыс кепілі» Университеттегі ішкі ережелер мен жатақхана тәртібін талқылау өтті
Кафедра студенттерімен 2026 жылдың 7 ақпан күні «Тәртіп - табыс кепілі» Университеттегі ішкі ережелер мен жатақхана тәртібін талқылау өтті.
Қазіргі таңда жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері ерекше маңызға ие. Осы мақсатта студенттер арасында «Заң және тәртіп» құндылығы тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттері, қоғамдағы жауапкершілік мәдениеті, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты өмірлік жағдайлар арқылы құқықтық білімдерін толықтырды.
Аталған түсіндірме жұмысы жастардың азаматтық санасын қалыптастыруға, заң үстемдігін құрметтеуге және әділетті қоғам құру жолында белсенді ұстаным ұстануға бағытталды. Осындай кездесулер болашақ мамандардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел дамуына саналы түрде үлес қосуына ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар