- Басты бет
- Колледж
- Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның ғылыми кітапханасында қазақ халқының көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «М.Дулатұлы – ағартушы, қоғам қайраткері, ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалаушы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі, “AMANAT” партиясы, Жастар рухы, Алматы облысының музейлер бірлестігі, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық Қазақ тілі қоғамы, педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы. Конференцияны ҚР Денсаулық сақтау министрі- А.Ш. Әлназарованың құттықтау сөзімен ашылды.
Іс-шараның мақсаты – ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын терең зерделеу, оның ағартушылық және қоғамдық қызметінің бүгінгі күнмен сабақтастығын айқындау болды.
Шара барысында қатысушылар Міржақып Дулатұлының ұлттық сананы оятудағы, білім беру ісін дамытудағы және қазақ баспасөзін қалыптастырудағы рөліне арналған баяндамалар жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.