ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті
2026 жылы 6 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары мен көрнекті заңгер-ғалымдардың қатысуымен жаңа Конституция жобасына арналған академиялық тыңдаулар жоғары деңгейде өтті.
Академиялық тыңдаулар ҚР Мемлекеттік құрылымының конституциялық негіздерін нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы шаралар, сондай-ақ жаңа Конституция жобасының әлеуметтік-идеялық мәні мәселелеріне арналып, сала сарапшылары мен заң мектебінің мамандары белсенді пікір алмастырды.
Шара барысында Мәжіліс депутаттары Үнзила Шапақ, Ермұрат Бапи және Ерлан Саиров өз сөздерінде өзгерістердің азаматтық қоғам мен құқықтық қоғамшылдықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Талқылауға келген сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдері Конституция жобасының әрбір тармағын жан-жақты талдап, ұсыныстар мен маңызды бастамаларды ортаға салды.
Бұл маңызды саяси-ғылыми іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева, сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылық құрамы қатысты. Кафедра мамандары тыңдаулар аясында Конституция жобасының құқықтық тетіктері мен олардың нақты құқықтық практикадағы әсері туралы өздерінің кәсіби көзқарастарын білдіріп, пікірталастарға белсене араласты.