- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЯСЫНДА СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ» ЖӘНЕ ҚАЗҰУ СТУДЕНТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ АРНАЙЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЯСЫНДА СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ» ЖӘНЕ ҚАЗҰУ СТУДЕНТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ АРНАЙЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Журналистика факультетінің 3-залында 1-курс студенттеріне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері үшін «Студенттің Ар-намыс кодексі» тақырыбында арнайы түсіндіру жұмыстары өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерді университеттегі тәртіп, заңдылық және адамгершілік қағидаларына баулу, сондай-ақ олардың кәсіби және тұлғалық дамуын қолдау.
Іс-шара барысында студенттерге:
● Қазақстан Республикасының заңдары мен университет ережелерін сақтау;
● Ұлттық мәдениет пен университет дәстүрлерін құрметтеу;
● Басқа студенттер мен оқытушыларға ізетті, сыпайы және құрметпен қарау;
● Академиялық адалдық қағидаларын сақтау (плагиат, алдау, пара беру және сабақтарды өткізіп алу жол берілмейді);
● Университет мүлкі мен ресурстарына қамқорлық жасау;
● Салауатты өмір салтын ұстану және университеттің ғылыми, мәдени, спорттық өміріне белсенді қатысу;
● Заңсыз әрекеттерге, рұқсат етілмеген митингілер мен акцияларға қатыспау;
● ҚазҰУ имиджі мен беделін қорғау.
● Жатақханаға уақытылы оралу, 23:00 кейін сыртқа шықпау туралы ақпараттар толықтай түсіндірілді.
Сондай-ақ, студенттер өз құқықтары мен міндеттері, университет өміріндегі тәртіп пен жауапкершілік туралы ақпарат алды. Ең бастысы, әр студент университеттің, өз ата-анасының және өз ар-намысының беделін сақтау – басты міндет екенін түсінді.
«Заң мен тәртіп» аясындағы жиынның өтуіне журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбайұлы, деканның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрлыайым Тұрсынбайқызы, куратор-эдвайзерлер Ғалия Майкотова, Жанат Сейтжанова, Венера Джуматаева және Меруерт Тасполатовалар атсалысты.
Аталған іс-шара БҰҰ ның Тұрақты даму мақсаттарының 4 мақсаты сапалы білім беру, сондай ақ 16 мақсаты бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттарды дамыту бағытарына сәйкес келеді.
Нұрлыайым Данаева,
Деканның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD.
Басқа жаңалықтар