ТДМ-4,16 «Заң мен тәртіп» аясында студенттер үйінде “Студент және құқықтық жауапкершілік” тақырыбында семинар өтті. Семинардың басты мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жатақханада тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу. Семинарға Студенттік қалашық директоры орынбасары ҚАЛШАЕВ Есенғали Турлыбекұлы, Студенттік қалашық бас маманы - Дихан Берік Қуанышбайұлы, Студенттік қалашықтың бас мамандары Сатыбалдиева Бахыткуль Бахытбекқызы, Тұрсынбай Жазира Зұлқайырқызы, Әбдікәрім Айнұр Абдуллақызы және жатақхана коменданты Гүлшат Исламханқызы қатысты. Семинар барысында жатақханада тұратын студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамалары, студенттердің құқықтары мен міндеттері, тәрбие мен тазалық талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылыққа жол бермеу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелері және жауапкершілік тақырыптары қозғалды. Іс-шара ашық пікірталас форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ойларын еркін білдірді. Бұл олардың құқықтық санасын арттырып, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.
Данаева Нұрлыайым Тұрсынбайқызы, Журналистика факультеті деканының әлеуметтік тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Басқа жаңалықтар
21 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026