«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»
10 ақпан, 2026

2026 жылғы 10 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Биология және биотехнология факультетінде,
Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағат барысында діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру, сыни ойлауды дамыту, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы жеке жауапкершілікті түсіну мәселелері талқыланды.
Іс-шара студенттердің ақпараттану деңгейін арттыруға, толерантты дүниетанымды қалыптастыруға және қоғамдағы тұрақтылық пен келісім құндылықтарын нығайтуға бағытталды.




Басқа жаңалықтар
12 ақпан, 2026
12 ақпан, 2026