Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Танирбергенова Даяна Алмасовна, Естемирова Сабрина Мухамеджановна және Алиш Марта Бақытбекқызы Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында өткен Jeju NextGen AI Future Leaders Camp халықаралық білім беру бағдарламасына қатысып, оны табысты аяқтап қайтты. Танирбергенова Даяна Алмасовна және Естемирова Сабрина Мухамеджановна 6B07109 – Өндірістік электроника және басқару жүйелері білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері, ал Алиш Марта Бақытбекқызы 6B06201 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар білім беру бағдарламасының 3-курс студенті болып табылады. Аталған халықаралық бағдарлама жас көшбасшыларды даярлауға, жасанды интеллект саласындағы заманауи білім мен тәжірибе алмасуға және халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.
Бағдарлама мазмұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен (ЦУР) тікелей байланысты. Атап айтқанда, ЦУР 4 – сапалы білім беру аясында студенттер жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласында халықаралық деңгейдегі білім алып, практикалық және зерттеу дағдыларын жетілдірді. ЦУР 9 – индустрия, инновациялар және инфрақұрылым мақсатына сәйкес қатысушылар инновациялық технологиялар, цифрлық трансформация және заманауи IT шешімдер бағытында жобалар әзірлеп, технологиялық дамуға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, ЦУР 17 – серіктестік арқылы мақсаттарға қол жеткізу шеңберінде әртүрлі мемлекеттерден келген студенттермен және халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасып, жаһандық академиялық ынтымақтастықты нығайтты.
Бағдарлама барысында Танирбергенова Даяна Алмасовна, Естемирова Сабрина Мухамеджановна және Алиш Марта Бақытбекқызы дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға және командалық жобаларға белсенді қатысып, кәсіби құзыреттерін арттырды. Халықаралық бағдарлама қорытындысы бойынша олар жоғары дайындық деңгейі, белсенділігі және шығармашылық көзқарасы үшін арнайы сертификаттармен және марапаттармен наградталды. Бұл жетістік студенттердің академиялық әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеп қана қоймай, университеттің халықаралық білім беру кеңістігіндегі беделін арттыруға маңызды үлес қосты.