Жаңа Конституция жобасы мәдениет өкілдерімен талқыланды
10 ақпан 2026 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Қ.Н.Алихан Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры» ұжымымен кездесу барысында конституциялық реформа тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Кездесуге театр директоры Б.Ә.Тушаев және «Amanat» партиясының Алматы қалалық «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Д.Ділдәбек қатысып, мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген ұжыммен еліміздегі конституциялық реформалардың мәні мен маңызы кеңінен талқыланды.
Іс-шара барысында Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыру және реформалардың мәдениет саласына ықпалы жөнінде пікір алмасу өтті. Қатысушылар ашық диалог форматында сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Осындай кездесулер құқықтық ағартушылықты нығайтып, қоғамның түрлі салалары өкілдерімен тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді.