Жастардың қаржылық мәдениеті: тұрақты болашаққа бастар қадамFarabi University
Референдум 15 марта

Жастардың қаржылық мәдениеті: тұрақты болашаққа бастар қадам

4 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2–3 курс студенттері «Цифрлық экономика жағдайындағы қаржылық мәдениет және жауапты қаржылық мінез-құлық» тақырыбында білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және экономикалық мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында, атап айтқанда ТДМ 4 «Сапалы білім беру» және ТДМ 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» мақсаттарына сәйкес өткізілді. Себебі цифрлық трансформация жағдайында қаржылық құзыреттіліктерді қалыптастыру білікті мамандар даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің экономикалық үдерістерге деген қызығушылығын арттыру және болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуында қаржылық сауаттылықтың маңызын нығайту болды.
Іс-шара барысында қатысушылар қаржы жүйесінің маңызын, экономиканың дамуындағы ақшаның рөлін, жеке қаржыны жоспарлау қағидаттарын және жауапты қаржылық мінез-құлық негіздерін ашып көрсетті. 
Іс-шараны ұйымдастырушы куратор-эдвайзерлер: Кукиев А.Д., Асилова А.С., Жорабаева Ж.К., Кыздарбекова А.С.