- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Оқытушыларға арналған мүмкіндіктер, STEM/IT мамандықтары, білім беру ісіндегі әйелдерге қолдау көрсету, тәлімгерлік бағдарламалары»
«Оқытушыларға арналған мүмкіндіктер, STEM/IT мамандықтары, білім беру ісіндегі әйелдерге қолдау көрсету, тәлімгерлік бағдарламалары»
2026 жылдың 5 ақпанында Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының ассистент-профессоры Нұрғалиева Қ.Е. ұйымдастыруымен Zoom платформасында білім беруді дамыту, зерттеу және оқытудың өзекті мәселелеріне арналған онлайн вебинар өтті. Іс-шараға 7М01501, 8D01501 – «Физика» білім беру бағдарламасының магистранттары, докторанттар және оқытушылар қатысты.
Вебинар барысында білім беру жүйесіндегі оқытушылар құрамының мүмкіндіктері, STEM/IT салаларының болашағы қарастырылып, академиялық ортадағы әрқилы әлеуметтік және кәсіби топтарды қамту, инклюзивтілікті қолдау және кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, білім берудегі өзекті мәселелерді және оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдарын қарастырды.
Вебинардың мақсаты:
– Қатысушылардың STEM/IT білім берудегі қазіргі үрдістер туралы хабардарлығын арттыру;
– Докторанттардың академиялық және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейту;
– Зерттеу мен оқытуға тұрақты қызығушылық қалыптастыру;
Іс-шара ғылыми және білім беру ортасында академиялық өзара әрекеттесуді және тәжірибе алмасуды күшейтуге, сондай-ақ сыни ойлау, командалық жұмыс, коммуникация және қоғамдық өмірге белсенді қатысу сияқты әмбебап және азаматтық құзыреттіліктерді дамытуға бағытталды.
Вебинар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты – «Сапалы білім беру» және 5-мақсаты – «Гендерлік теңдік» бағыттарына сәйкес келіп, білім беру саласындағы тең мүмкіндіктерді кеңейтуге және инклюзивті академиялық ортаны қалыптастыруға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар