Ғылымдағы қыздар мен әйелдердің халықаралық күні халықаралық қатынастар факультетінде атап өтілдіFarabi University
Референдум 15 марта

Ғылымдағы қыздар мен әйелдердің халықаралық күні халықаралық қатынастар факультетінде атап өтілді

11 ақпан, 2026

 

2026 жылғы 10 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталығы ұйымдастырған Ғылымдағы қыздар мен әйелдердің халықаралық күніне арналған іс-шара өтті.

   Іс-шараның ашылуы Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Байқушикова Гүлнара Серікбаевна мен БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталығының директоры Деловарова Лейла Фёдоровнаның құттықтау сөздерімен басталды. Өз сөздерінде олар Ғылымдағы қыздар мен әйелдердің халықаралық күнінің маңыздылығын атап өтіп, білім мен ғылыми мүмкіндіктерге тең қолжетімділіктің қажеттілігін, сондай-ақ жастардың гендерлік теңдікті ілгерілетудегі рөлін ерекше атап өтті.

   Одан кейін Орталықтың белсенділері ғылым саласындағы әйелдердің танымалдығына арналған интерактивті сессия өткізді. Сессиядан соң Ғылымдағы қыздар мен әйелдердің халықаралық күнінің маңызын айқындайтын бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері арнайы жазған музыкалық композициямен сүйемелденіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды және ғылым саласындағы қыздар мен әйелдерді қолдаудың маңыздылығын айқындай түсті.

   Бейнематериал көрсетілімінен кейін қатысушылар аталған күннің мәні мен маңызы туралы өз ой-пікірлері мен көзқарастарымен бөлісті. Әсіресе шетелдік студенттердің баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды. Олар өз елдеріндегі ғылым саласындағы әйелдердің рөлі туралы айтып, бұл тақырыптың жаһандық сипатқа ие екенін атап өтті.

   Іс-шара соңында қатысушылар арасында достық әрі бейресми атмосфера қалыптастыруға бағытталған шағын сергіту жаттығуы ұйымдастырылды. Содан сон барлығы бірігіп, ғылым саласындағы тең мүмкіндіктерді ілгерілетудегі бірлік, қолдау және ынтымақтастықты бейнелейтін естелік суретке түсті.

   Іс-шара жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті және гендерлік теңдікті, білім беруді және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған БҰҰ құндылықтарын ілгерілету жолындағы Орталықтың маңызды үлесіне айналды.