Теориялық білімді тәжірибеде қолдану
«Туризм» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері «Туризмдегі тамақтандыру индустриясы» пәні аясында Dademan қонақ үйіне оқу-тәжірибелік сапар ұйымдастырды.
Сапар барысында білім алушылар қонақ үйдің тамақтандыру қызметінің құрылымымен, мейрамхана бөлімінің жұмыс ерекшеліктерімен, «швед үстелі» форматындағы таңғы асты ұйымдастыру технологиясымен танысты. Сонымен қатар мәзірді жоспарлау, тағамдардың өзіндік құнын қалыптастыру, сапаны бақылау және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мәселелері қарастырылды.

Студенттерге әртүрлі санаттағы қонақ үй нөмірлері көрсетіліп, room service қызметінің ұйымдастырылу тәртібі түсіндірілді. Қонақ үй өкілдері тапсырысты қабылдау алгоритмі, ас үй мен қабылдау бөлімі арасындағы өзара байланыс, тағамды нөмірге жеткізу уақыты, сервировка стандарттары мен қызмет көрсету сапасының талаптары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Аталған тәжірибелік сабақ студенттердің теориялық білімдерін нығайтып, тамақтандыру қызметінің қонақ үй бизнесіндегі және жалпы туристік инфрақұрылымдағы маңызын тәжірибе жүзінде түсінуге мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар