Ғылыми мақаланың құрылымы туралы Қысқы мектептің екінші күнінде айтылды...
ТДМ-3 3-13 ақпан аралығында өтетін «Жоғары білім берудегі медиа және коммуникация: оқыту, білім алу және цифрлық трансформация» атты Қысқы мектебінің екінші күніндегі дәріскері аға оқытушы Әсел Әлім болды.
Ол «Ғылыми зерттеу әдістері» пәніндегі конструктивті-эксперименттік мысалдар» дәрісін ғылыми мақаланың құрылымын талдаудан бастады.
Дәріс орыс тілінде болғандықтан мысал ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры С.Н. Велитченконың 2024 жылы «Журналистика» сериясында жарияланған «Мультимедиялық технологиялар дәуіріндегі театр журналистикасының трансформациясы» мақаласы алынды.
Кез-келген ғылыми мақала аннотациядан бастау алады, мысалға мультимедиа дәуіріндегі театр журналистикасының трансформациясы, оның контент, стиль және ақпараттық құндылығы тұрғысынан жаңа форматтарын анықтауға, театр журналистикасы эстетикалық қана емес, мәдениетаралық ақпаратты тарату арқылы арт-журналистиканың құрамдас бөлігі болып табылатыны алынды.
Аннотация - мақала мақсатын, ғылыми және практикалық маңыздылығын, қолданылған әдістерді және түйінді сөздерді қысқаша көрсетуі тиіс екендігін мысалдармен көрсетті.
Ғылыми маңыздылық - театрлық онлайн-журналистиканың жаңа форматтарын сипаттау арқылы теория мен практиканы толықтыру.
Теориялық аспект - ғылымға жаңа тұжырымдар енгізу, гипотезаларды тексеру, практикалық аспект – нәтижелерді арт-журналистика, мәдениеттану, коммуникация теориясы және театр журналистикасын оқытуда қолдану мүмкіндігі.
Зерттеу әдістемесі - жүйелі тәсіл, салыстырмалы талдау және контент-талдау әдістері. Эмпирикалық материал ретінде театрға арналған онлайн-басылымдар, сайттар, блогтар мен видеоблогтар қолданылды.
Нәтижелері - мультимедиялық технологиялар дәуірінде театр журналистикасының жаңа жанрлық бағыттары анықталды. Автор ұсыныстарын практикада қолдануға, мысалы, курстар мен семинарларда, сондай-ақ театрлық медиакоммуникацияны жетілдіруде қолдануға болады.
Қорытынды - зерттеу мультимедиа дәуірінде театр журналистикасының трансформациясын көрсетіп, жаңа форматтарды сипаттады, теориялық және практикалық маңыздылығын көрсетті, әрі болашақ зерттеулерге бағыт берді.
«Журналистика факультетінде «Ғылыми зерттеу әдістері» пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасы» мақаласының толық нұсқасын 2025 жылдың желтоқсан айындағы «Мысль» қоғамдық-саяси журналының №12 санындағы «Зеттеу» айдарында оқи аласыздар!
Басқа жаңалықтар