Академиядағы әйелдер: оқыту мен ғылым арасындағы тепе-теңдікFarabi University
Референдум 15 марта

Академиядағы әйелдер: оқыту мен ғылым арасындағы тепе-теңдік

11 ақпан, 2026

 

 

2026 жылғы 11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай «Академиядағы әйелдер: оқыту мен ғылым арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында мазмұнды сұхбат өтті. Іс-шараға дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Динара Утебаева, Жанна Кантарбаева және Айжан Кудерина қатысып, заманауи академиялық ортадағы әйел ғалымдардың рөлі мен кәсіби жолындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Сұхбат барысында ғылыми-зерттеу жұмысы мен оқытушылық қызметті үйлестіру, кәсіби даму мен отбасылық міндеттердің арақатынасы, сондай-ақ әйелдің жеке және кәсіби бірегейлігі арасындағы ішкі қайшылықтар мәселелері қозғалды.

Әңгіме кезінде қазіргі таңда әйел ғалымдардың бір мезетте бірнеше рөлді атқаруына тура келетіні атап өтілді: оқытушы, зерттеуші, ана, отбасы мүшесі, қоғамдық тұлға. Бұл рөлдер арасындағы тепе-теңдікті сақтау кей жағдайда эмоционалдық және психологиялық жүктемеге әкелетіні айтылды. Қатысушылар әйелдердің ғылыми ортада тұрақты дамуы үшін институционалдық қолдау мен түсіністік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сұхбаттың тағы бір маңызды тақырыптарының бірі - әлеуметтік желілер мен ғылыми платформаларда өзін эксперт ретінде таныта білу мәселесі болды. Қазіргі академиялық ортада кәсіби тұрғыда «көрінетін» болу ғылыми бедел қалыптастырудың маңызды факторы екені атап өтілді. Сонымен қатар, жеке кәсіби имидж қалыптастыру, ғылыми жетістіктерді жариялау және кәсіби желілерді дамыту табысты мансаптың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылды.

Кездесу аясында көптеген әйел ғалымдарға тән психологиялық кедергілер импостер феномені, ішкі сыншы, өзіне сенімсіздік мәселелері де талқыланды. Қатысушылар бұл құбылыстардың академиялық ортада жиі кездесетінін және олармен күресуде кәсіби қолдау мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Өзін-өзі бағалау, жетістіктерді мойындау және кәсіби қауымдастық ішінде қолдау мәдениетін дамыту қажеттігі ерекше көрсетілді.

Қорытындылап айтқанда, бұл сұхбат қатысушыларға өз тәжірибелерімен бөлісуге, ортақ мәселелерді ашық талқылауға және өзара қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Мұндай бастамалар академиялық ортада инклюзивті, әділетті және дамушы академиялық орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші (Сапалы білім беру) және 5-ші (Гендерлік теңдік) бағыттарымен үндеседі.