Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті, Математика кафедрасының «Математика» мамандығының 1-курс студенттері (Математика 23-1, Математика 25-1, Математика 25-3 топтары) ЦУР-3 «Салауатты өмір салты» бағытының 3.3.2-тармағы аясында мәдени іс-шараға қатысты. Кафедраның куратор-эдвайзерлері: Мүтиголлаева Данагүл Батырханқызы мен Аузерхан Гауһар Сұлтанбекқызы факультеттің аға кураторы Абенов Болат ағаймен бірге студенттерді Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар театрына апарып, «Қарагөз» қойылымын тамашалады. Іс-шара студенттердің рухани-мәдени дамуына оң әсерін тигізді.

Аузерхан Гаухар, Мутиголлаева Данагүл
Математика кафедрасының кураторлары
Басқа жаңалықтар
22 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026