Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары білім беруде Тұрақты даму мақсаттарын интеграциялау бойынша Қысқы мектеп өттіFarabi University
Референдум 15 марта

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары білім беруде Тұрақты даму мақсаттарын интеграциялау бойынша Қысқы мектеп өтті

13 ақпан, 2026

2026 жылғы 26 қаңтар мен 5 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Бизнес-технологиялар» кафедрасы жанындағы «Smart Marketing and Logistics» орталығының ұйымдастыруымен «Жоғары білім беру үдерісіне Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) интеграциялау» тақырыбында Қысқы мектеп сәтті өтті.

Іс-шара жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруға, маркетинг пен логистика пәндерінің мазмұнына, сондай-ақ жоғары мектептің білім беру үдерісіне Тұрақты даму мақсаттарын енгізу бойынша кәсіби және әдістемелік құзыреттерін дамытуға бағытталды.

Қысқы мектеп жұмысына Қырғыз Республикасының азаматтары болып табылатын 21 оқытушы қатысты. Бағдарлама аясында қатысушылар маркетинг пен логистика контексіндегі тұрақты даму тұжырымдамаларымен және ТДМ халықаралық күн тәртібімен танысты. Атап айтқанда, тұрақты маркетингтік стратегиялар, жауапты тұтыну мен өндіріс, жасыл жеткізу тізбектері, тұрақты логистика, сондай-ақ басқарудағы ESG-тәсілдер мәселелері қарастырылды.

Қысқы мектеп бағдарламасы маркетинг, логистика, тұрақты даму және басқару салаларындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен өткен дәрістерді, семинарларды, практикалық сабақтарды және жобалық жұмыстарды қамтыды. Іс-шара форматы қатысушылар арасында кәсіби тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және ТДМ қағидаттарын білім беру үдерісіне енгізудің практикалық жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.

Қысқы мектептің негізгі мақсаты – жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жүйелі түрде арттыруға жағдай жасау, маркетинг пен логистика бойынша білім беру бағдарламалары мен оқу пәндеріне Тұрақты даму мақсаттарын интеграциялау, сондай-ақ ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуға бағдарланған тұрақты кәсіби және білім беру практикаларын қалыптастыру болды.

Қысқы мектептің өткізілуі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрақты даму қағидаттарын және заманауи халықаралық тәсілдерді білім беру қызметіне белсенді түрде енгізіп отырған жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі рөлін айқындады.