Халықаралық тағылымдар мен гранттарды табу және оларды тиімді пайдалану
Механика-математика факультетінде Орнықты даму мақсаттарының (ЦУР) 4-ші және 17 пункттері аясында «Халықаралық тағылымдар мен гранттарды табу және оларды тиімді пайдалану» тақырыбында семинар өтті, Студент жастар үшін өте пайдалы танымдық іс-шараны деканның орынбасарлары Әбенов Б.Қ. мен Сабирова Р.Ф. және аға куратор Тапеева С. жүргізіп отырды.
Семинарға қатысушылар 2026 жылы студенттерге арналған ең өзекті ұсыныстарды, яғни ғылымнан бастап, көшбасшылыққа, саясаттан бастап, мәдениет пен орныққты даму бағыттарына дейінгі мүмкіндіктерді бір тізімге жинақтаған жастарға табысты карьера құруға көмектесетін ORKENLINK платформасының пайдалы ақпараттарымен танысты.
Мансапты түбегейлі өзгерте алатын мүмкіндіктер мен жастарға саналы, мәнді және ұтымды бағыт таңдауға көмектесетін бағдарламалар арқылы халықаралық білімге, стипендиялар мен қаржылай қолдауға қол жеткізуге болатыны, тағылымдамадан өтсеңіз, мансапта түрлі мүмкіндік пайда болатыны, сондай-ақ, жаһандық ортаға бейімделіп, кәсіби байланыс орнатуға жол ашылатыны айтылды.
Студенттерге халықаралық тәжірибе жинап, мансабын университет қабырғасында жүріп-ақ бастау келесі жолдары көрсетілді:
1) Қазақстан және Венгрия Білім министрліктері Венгрияда оқу үшін мемлекеттік стипендия – Қазақстандық студенттерге арналған 250 грант ұсынып отыр.
Гранттар – оқу ақысы, тамақтану, ай сайынғы стипендия, жатақхана немесе жалдамалы пәтерге өтемақы, медициналық сақтандыру, виза алу ақысы, ұшақ билеттерінің төленуі сияқты жеңілдіктер мен өтемдерді қамтиды
2) Erasmus Mundus MESPOM бағдарламасы аясында Австрия, Швеция, Ұлыбритания, Греция елдері университеттері – Экология, саясат, басқару және орнықты даму бағытындағы әлемдегі ең беделді магистратурада оқуға шақырады.
Маңызды шарттар мен талаптар: экология, саясат, басқару немесе ұқсас сала бойынша бакалаврлық білім; GPA 3.5+, оқу толықтай ағылшын тілінде жүреді.
Бағдарламаны аяқтағандардың БҰҰ, ЕО және халықаралық ұйымдарда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
3) San Diego университеті Толықтай қаржыландырылатын барлық мамандық бойынша қатысуға болатын үш апталық халықаралық лидер бағдарламасы аясында білім ұштау үшін IELTS/TOEFL талап етілмейді, тек ағылшын деңгейін растайтын ұсыныс хат толтырылса жеткілікті. Бағдарлама көшбасшылық, халықаралық ынтымақтастық, қоғамдық дипломатия, медиаторлық және бітімгерлік, мәдениаралық коммуникация бағыттарына арналған.
4) Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі жұмысына қатысуға мүмкіндік беретін ECOSOC Youth Forum – Жастарға арналған жаһандық форумын таңдағандар адам құқықтары, білім, орнықты даму, әлеуметтік және экономикалық саясат, экология мәселелері бойынша маңызды тақырыптарды талқылай алады.
5) Конфуций институтының стипендияларын – Қытай тілін және мәдениетін үйренуге арналған толықтай қаржыландырылатын Қытайда оқу бағдарламасын 16-35 жас аралығындағы талапкерлер 11 айлық оқу, 5 айлық семестрлік бағдарлама, 4 апталық қысқы/жазғы мектептер арқылы өте алады. Қытайдың 150+ университеті жыл бойы қабылдайды.
Неліктен аталған бағдарламаларға қатысып көру керек екені де түсіндірілді. Өйткені, олардың бәрі де: халықаралық тәжірибе береді, кәсіби байланыс орнатады, нақты дағдыларды дамытады, резюме мен портфолионы күшейтеді.


Болат ӘБЕНОВ,
Механика-математика факультеті деканының
әлеуметтік тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Басқа жаңалықтар