- Басты бет
- Жаңалықтар
- Геоботаниктердің жеңісі: «ЖОО үздік оқытушы – 2025» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2025» атағы иегерлерін құттықтаймыз!
Геоботаниктердің жеңісі: «ЖОО үздік оқытушы – 2025» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2025» атағы иегерлерін құттықтаймыз!
Геоботаника ғылымы мен білім беру саласында табысты еңбек етіп, ғылыми зерттеулерді дамытуға елеулі үлес қосқан әріптестеріміздің еңбегі жоғары бағаланды. Бұл тек жеке жетістіктер ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуына қосылған маңызды үлестің көрінісі. Ғылыми ізденіс пен білім беруді үйлестіре отырып, студенттердің кәсіби және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру — қазіргі заманғы ғылым мен білімнің басты міндеттерінің бірі.
Ең алдымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің геоботаника саласындағы білім беру және ғылыми зерттеу жұмыстарына қосқан үлесі зор факультетіміздің мақтанышы, Биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна, «ЖОО үздік оқытушы – 2025» атағымен марапатталды. Ол оқу процесінде заманауи әдістерді тиімді қолдану арқылы студенттердің кәсіби дағдысы мен ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосып отыр. Профессордың ұйымдастырушылық қабілеті, педагогикалық шеберлігі және ғылыми жетекшілігі геоботаника саласының дамуына және жас зерттеушілердің қалыптасуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері, Астана халықаралық университетінің PhD, қауымдастырылған профессор, «NatureLab» зертханасының меңгерушісі Оразов Айдын Ерғалиұлы «ЖОО үздік оқытушы – 2025» атағымен және Мемлекеттік ғылыми стипендия жүлдегері сертификатымен марапатталды. Бұл — оның заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдануы, далалық және зертханалық тәжірибелерді сабақ мазмұнымен үйлестіруі, студенттердің кәсіби және ғылыми дағдыларын дамытуға қосқан елеулі үлесінің лайықты бағалануы. Айдын Ерғалиұлы студенттерге тек теориялық білім беріп қана қоймай, практикалық дағдылар мен ғылыми ойлау қабілеттерін қалыптастыруға да зор үлес қосуда.

Сондай-ақ, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының басты ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор Альмерекова Шырын Семизбайқызы «Үздік ғылыми қызметкер – 2025» атағымен марапатталды. Шырын Семизбайқызының еңбегі тек факультетіміз үшін ғана емес, жас зерттеушілерге үлгі болатын маңызды жетістік болып табылады. Оның ғылыми зерттеулері геоботаника саласында жаңа бағыттарды дамытуға және студенттердің зерттеу жұмыстарына ынталандыруға ықпал етеді.

Құрметті әріптестер, Сіздерді осы үлкен жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз факультетіміздің, студенттеріміздің және бүкіл ғылыми қауымдастықтың дамуына зор үлес қосуда. Бұл жетістіктер тек жеке еңбектің жемісі ғана емес, сонымен бірге біздің ғылым мен білімнің тұрақты дамуының көрінісі болып табылады. Біз осындай мамандармен мақтанамыз және алдағы ғылыми және білім беру жұмыстарыңыздың одан әрі табысты болуын тілейміз.
Басқа жаңалықтар