- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум: Қазақстан Республикасы халқының шешім қабылдауының демократиялық нысаны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум: Қазақстан Республикасы халқының шешім қабылдауының демократиялық нысаны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара аясында университеттің жетекші оқытушылары жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, азаматтардың референдумға қатысу тетіктерін, сондай-ақ конституциялық реформаның елдің құқықтық жүйесін одан әрі дамытудағы маңызын талқылады. Баяндамалармен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы сөз сөйледі.
Спикерлер өз сөздерінде жаңа Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, құқықтық жаңғыртудың негізі және демократиялық институттарды нығайтудың маңызды тетігі ретіндегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар референдум өткізу тәртібі, сайлау комиссияларының функциялары және халықтың ерік білдіруінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасындағы конституциялық өзгерістерді түсіну және іске асыру үдерісінде сараптамалық диалог пен ғылыми пікірталастардың маңыздылығын атап өтті.