- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультетінде “Water is Life” Дүниежүзілік су ресурстары күніне орай өзендерді ластанудан қорғау бойынша вебинар өткізілді.
География және табиғатты пайдалану факультетінде “Water is Life” Дүниежүзілік су ресурстары күніне орай өзендерді ластанудан қорғау бойынша вебинар өткізілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультеті, Метеорология және гидрология кафедрасының «6B05203 – Гидрология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері арасында Дүниежүзілік су ресурстарын қорғау күніне орай танымдық вебинар өткізілді. Іс-шараны топ кураторлары, кафедраның аға оқытушысы Қазакбаева Т.М. және доцент м.а. Оспанова М.С. ұйымдастырды.
Вебинар барысында студенттер төрт топқа бөлініп, су ресурстарын қорғауға қатысты маңызды тақырыптар бойынша мазмұнды презентациялар әзірлеп, өз ойларымен бөлісті. Бірінші топ Дүниежүзілік су ресурстарын қорғау күнінің тарихы, мақсаты және халықаралық деңгейдегі маңызына тоқталды. Екінші топ су ресурстарын қорғаудың өзектілігін, әлемдік және аймақтық су мәселелерін, сондай-ақ оның тұрақты даму мақсаттарымен байланысын талдады. Үшінші топ әлемдегі ең ластанған өзеннің экологиялық жағдайын жан-жақты қарастырып, ластану себептері мен салдарын көрсетті. Төртінші топ Қазақстан Республикасындағы ластанған өзендерге шолу жасап, нақты бір өзенді мысалға ала отырып, экологиялық ахуалды саралады. 
Іс-шара барысында студенттер тек теориялық білімдерін көрсетіп қана қоймай, өзара пікір алмасып, экологиялық жауапкершілік мәселелері төңірегінде ой қозғады. Сонымен қатар, вебинар соңында студенттер Brain Ring зияткерлік ойынын ойнап, білім жарыстырды. Бұл бөлім ерекше қызығушылық тудырып, қатысушылардың белсенділігін арттырды.
Аталған шара студенттердің кәсіби көзқарасын кеңейтіп, су ресурстарын қорғаудың маңыздылығын терең түсінуге мүмкіндік берді. Су – тіршілік көзі, сондықтан оны қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Аталған вебинар барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), әсіресе 6-мақсат – «Таза су және санитария» бағытына ерекше назар аударылды. Студенттер су ресурстарын ұтымды пайдалану, сапалы ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету және су экожүйелерін қорғау – жаһандық тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, су мәселелерін шешу тек экологиялық емес, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықпен де тығыз байланысты екендігі талқыланды. 
Басқа жаңалықтар