Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы – «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы – 2025»
2026 жылдың 13 ақпанында Ғылым ордасында 2025жылғы «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Конкурстық іріктеуден кейін құрметті атақ механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік модельдеу (МКМ) кафедрасының доцент- зерттеушісі, PhD Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлына берілді. «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» байқауы жыл сайын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастауымен өткізіледі және заманауи білім беру технологияларын енгізетін, ғылыми зерттеулерді ілгерілететін және студенттерді академиялық және жобалық қызметке белсенді тартатын елдің жетекші педагогтарын қолдауға бағытталған. МКМ кафедрасының қызметкерлері бұл жетістік білім беру сапасын жақсарту, ғылыми мектептерді дамыту және университеттің ұлттық және халықаралық рейтингтердегі орнын нығайту бойынша жүйелі жұмысты тану екенін атап өтеді. «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағының жеңімпазы Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлын шын жүректен құттықтаймыз және оған ғылыми-зерттеу және оқытушылық жұмыстарына табыс тілейміз!

МКМ кафедрасы
Басқа жаңалықтар