«Таза аула – таза сана» экологиялық сенбілігі.Farabi University

«Таза аула – таза сана» экологиялық сенбілігі.

17 ақпан, 2026

ТДМ-7 17 ақпан 2026 жылы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында Медиакоммуникация мамандығының 2-курс студенттеріне арналған «Таза аула – таза сана» экологиялық сенбілігі өтті. 
Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарау дағдысын арттыру және факультет аумағында қолайлы әрі ұқыпты білім беру ортасын құру болды.
Сенбілік барысында факультет кабинеттерінде тазалық жұмыстары жүргізіліп, аудиториялар ретке келтірілді, парталар мен терезелер сүртіліп, кітап сөрелері мен техникалық құралдар тазартылды. Сонымен қатар, ортақ пайдалану аймақтары да назардан тыс қалмай, студенттер бірлесіп еңбек ету арқылы ұйымшылдық пен жауапкершілік үлгісін көрсетті.
Аталған шара білім алушылардың еңбекке деген құрметін арттыруға, ұжымдық мәдениетті нығайтуға және білім ордасына деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға бағытталды. Сенбілік студенттердің белсенділігі мен ынтымақтастығының нәтижесінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.