Көксерке балығын репродуктивті клеткаларын криоконсервациялау технологиясын әзірлеу бойынша диссертацияның алдын ала қорғалуыFarabi University
Референдум 15 марта

Көксерке балығын репродуктивті клеткаларын криоконсервациялау технологиясын әзірлеу бойынша диссертацияның алдын ала қорғалуы

17 ақпан, 2026

   Зоология, гистология және цитология кафедрасының докторанты, «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы Мусина Айнура Данияровна 11 ақпанда «Тұйық сумен жабдықтау қондырғыларында жасанды көбейту үшін көксерке (Sander lucioperca) аталықтарының репродуктивтік жасушаларын криоконсервациялау технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауынан сәтті өтті. Ғылыми жетекшісі – биология ғылымдарының докторы, профессор Нұртазин С. Т.

   Диссертациялық зерттеу аквакультурадағы заманауи биотехнологиялық тәсілдерді дамытуға, Қазақстанның су биологиялық ресурстарын сақтау мен ұтымды пайдалануға бағытталған. Жұмыста бағалы балық түрлерінің генетикалық материалын алу, криоконсервациялау және ұзақ мерзімді сақтау әдістері ғылыми негізделген, бұл жасанды көбейтудің тиімділігін арттыруға, табиғи популяциялардың генетикалық әртүрлілігін сақтауға және криобанктер қалыптастыруға негіз жасауға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелердің практикалық маңызы оларды балық өсіру шаруашылықтары мен ғылыми-өндірістік орталықтардың қызметіне енгізу мүмкіндігімен айқындалады.

   Зерттеудің өзектілігі Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіздер мен су экожүйелерін сақтауға бағытталған Тұрақты даму мақсаттарының 14-ші мақсатын іске асыруға қосқан үлесімен анықталады. Қол жеткізілген нәтижелер су ресурстарын тұрақты басқаруға, экологиялық бағытталған биотехнологияларды дамытуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді. Жүргізілген жұмыс кафедра мүшелері тарапынан жоғары бағаланып, диссертацияны қорғауға ұсынуға ұсынылды.

#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU