«Оқу мен қарым-қатынас тілі: түрікмен студенттеріне арналған орыс тілі»Farabi University

«Оқу мен қарым-қатынас тілі: түрікмен студенттеріне арналған орыс тілі»

17 ақпан, 2026

17 ақпанда орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Едренова Назгуль Тілепбергенқызы «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттерімен бірлесіп БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — «Сапалы білім» аясында «Оқу мен қарым-қатынас тілі: түрікмен студенттеріне арналған орыс тілі» тақырыбында оқу-тәрбиелік іс-шара өткізді.

     Кездесудің мақсаты білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту, орыс тілін оқу тілі және мәдениетаралық өзара әрекеттесу құралы ретінде меңгеру деңгейін арттыру, сондай-ақ шетелдік студенттердің бейімделуіне қолайлы академиялық орта қалыптастыру болды.

     Іс-шара барысында білім беру үдерісіндегі орыс тілінің рөлі, жоғары оқу орнындағы академиялық және күнделікті коммуникация ерекшеліктері, сондай-ақ табысты оқу және кәсіби қызмет үшін тілдік дайындықтың маңызы қарастырылды. Студенттер ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға, оқу мәтіндерін түсінуге және пікірталас жүргізуге бағытталған интерактивті тапсырмаларға, диалогтік тәжірибелерге және талқылауларға белсенді қатысты.

      Мәдениетаралық диалогты дамытуға, сөздік қорды кеңейтуге және оқу ортасында орыс тілін сенімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Қатысушылар белсенділік танытып, қызығушылық білдіріп, тілдік дағдыларын одан әрі жетілдіруге дайын екендерін көрсетті.

Өткізілген іс-шара қолжетімді әрі сапалы білім беру қағидаттарын нығайтуға, түрікмен студенттердің академиялық ортаға кірігуін қолдауға және орыс тілін кәсіби әрі мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге ынталандыруға ықпал етті.