2026 жылдың 12 ақпанында Әл-Фараби атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінде жазушы Мағзом Сүндетовке арналған «Қаламнан тамған тағдыр» атты шығармашылық кеш өтті. Тағылымды шараның негізгі мақсаты – қаламгердің әдеби мұрасын ұлықтау, жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды насихаттау болды. Кеш барысында жазушы шығармашылығы жан-жақты талданып, оның туындыларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні туралы мазмұнды пікірлер айтылды. Қатысушылар қаламгер шығармаларынан үзінділер оқып, әдеби талдаулар жасады.
Шараға Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі Самал Дәрібайұлы, профессор З. Сейтжанов, профессор Р. Әбдіқұлова және Е. Кәрібозов қатысып, шығармашылық кештің маңыздылығына тоқталып, студенттерге тағылымды ой-пікірлерін білдірді.
Кештің ұйымдастырылуына Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ассистент-профессоры Тлеубаев Советхан Баянұлы, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, әдебиеттану мамандығының 1-курс магистранттары мен қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 3-курс студенттері белсене атсалысты.
Аталған шығармашылық кездесу студенттер үшін әдеби танымды кеңейтетін, рухани әсері мол тағылымды басқосу болып, ұлттық әдебиетке деген құрметті арттыра түсті.
Басқа жаңалықтар